Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында спорттық іс-шара кезінде полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті

Абай облысында спорттық іс-шара кезінде полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласындағы “Спартак” стадионында өткен “Елімай” (Семей) – “Қайрат” (Алматы) командалары арасындағы футбол ойыны мен концерттік бағдарлама барысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Абай облысы полициясының 400-ге жуық қызметкері жұмылдырылды.

Көпшілік жиналған ауқымды спорттық іс-шара кезінде полиция қызметкерлері стадион аумағында және оған іргелес аумақта қоғамдық тәртіпті сақтап, көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Құқық қорғау органдарының басты назары – іс-шараға келген азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау болды.

Полиция қызметкерлері көрермендермен өзара іс-қимыл жасап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауда ұстады. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде спорттық бәсекенің жоғары деңгейде, қауіпсіз әрі тыныш жағдайда өтуіне жағдай жасалды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және бұқаралық іс-шаралар барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру