Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі граффитилері – заңсыз жарнама: Павлодарда полицейлер тұрғындарға ескерту жасады

Павлодар облысында есірткі заттарын қолдану мен таратудың алдын алуға, сондай-ақ жастар арасында денсаулық пен қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған "Stop наркограффити" ақпараттық-профилактикалық акциясы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Акция барысында тұрғындарға есірткі заттарының заңсыз айналымын насихаттайтын граффитилердің қауіптілігі түсіндірілді. Қатысушылар мұндай жазбалардың жай ғана қабырғадағы сурет емес, есірткіге қатысты заңсыз ақпаратты таратудың бір тәсілі екенін атап өтті.

Сонымен қатар тұрғындар күмәнді жазбалар мен өзге де құқық бұзушылық фактілерін байқаса, бұл туралы полицияға дереу хабарлау қажеттігі жөнінде ақпарат алды.

Полиция мұндай профилактикалық шаралар қоғамның есірткі қылмыстарына қарсы белсенді ұстанымын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру