Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу жұмыстары күшейтілді

Шымкентте отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26-31 тамыз аралығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Профилактикалық жұмыстың негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін дер кезінде анықтау және жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Осы бағытта Шымкент қаласы ПД Еңбекші АПБ инпекторлары профилактикалық есепте тұрған, оның ішінде отбасылық жанжалға және құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғаларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексереді.

Полиция қызметкерлері аталған азаматтармен жеке профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар қолайсыз отбасылардың тұрмыс жағдайы зерделеніп, қауіп тобындағы азаматтарға құқықтық және профилактикалық көмек көрсету шаралары ұйымдастырылады.

Профилактикалық бақылау барысында полиция қызметкерлері қорғау нұсқамалары мен сот белгілеген ерекше талаптардың орындалуына да назар аударады. Заң талаптарын бұзуға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылданады.

Бұдан бөлек, тұрғындар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды сақтау және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Азаматтарға өз құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары түсіндіріліп, қажетті жағдайда құқықтық және әлеуметтік көмек алуға болатын мүмкіндіктер туралы ақпарат беріледі.

– Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз немесе осындай жағдайдың куәсі болсаңыз, дереу полицияның "102" арнасына хабарласыңыз. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және отбасындағы тыныштықты сақтау – баршамызға ортақ міндет. Полиция тарапынан отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытындағы профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасады, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу – тек жекелеген отбасының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар полиция қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру