Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында нашақорлықтың алдын алу мақсатында арнайы шара ұйымдастырылды

Көкжазық ауылындағы "Айналайын" балалар лагерінде балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған "Нашақорлық — ғасыр індеті" тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны Жетісу облысының полиция департаменті нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңеспен бірлесіп ұйымдастырды. Шараға белгілі блогер де қатысты.

Қатысушыларға есірткінің зияны, оның адам денсаулығы мен болашағына тигізетін зардабы, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді. Наркологтар мен психологтар жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелер өткізіп, қауіп-қатерлерден сақтану және теріс ықпалға қарсы тұру жолдарын айтты.

Балалар үшін мазмұнды бағдарлама ұйымдастырылды. Спортшылар мен кинологиялық қызмет орталығы мамандарының көрсетілімдері өтіп, гір көтеру және арқан тартудан спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Профилактикалық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген жас белсенділерге ерекше көңіл бөлінді. Оларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ жас әншілер мен бишілер де марапатталды.

Іс-шара соңында балаларға ақпараттық брошюралар, сондай-ақ "Есірткіге жол жоқ!" деген жазуы бар футболкалар мен кепкалар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру