Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бүлдіршіндерге жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді

Қызылордада бүлдіршіндерге жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында Қызылорда облысының полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері "Сыр бөбегі" мемлекеттік балабақшасының тәрбиеленушілеріне жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты профилактикалық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін үйрету, көшеде қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Тәртіп сақшылары бүлдіршіндерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіз өту, бағдаршамның талаптарын орындау және көшеде өзін қауіпсіз ұстау қағидаларын түсіндірді. Оларға жолдағы қауіпсіздіктің маңыздылығын қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізіп, сұрақтарына жауап берді.

Полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты негізде жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру