Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының бас полицейі болашақ тәртіп сақшыларымен кездесті

Атырау облысының бас полицейі болашақ тәртіп сақшыларымен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінде жасөспірімдердің полиция қызметіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған "Полицей болғым келеді" іс-шарасы өтті. Іс-шараға болашақта полицей болуды армандайтын жасөспірімдер қатысты.

Кездесу барысында Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев балалармен пікір алмасып, олардың полиция қызметі туралы ойлары мен қызығушылықтарын тыңдады. Естелік сыйлықтар табысталды.

Жас жеткіншектер департаменттің тыныс-тіршілігімен танысып, полицейлердің күнделікті атқаратын қызметімен танысты. Сондай-ақ полиция қызметінің негізгі бағыттары, қызметтік міндеттер мен полицей болуға қойылатын талаптар туралы мағлұмат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру