Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл ШҚО-да велосипед ұрлығының 42 дерегі ашылды

Азаматтар велосипедтерін аулаларда, кіреберістерде, дүкендердің жанында және басқа да көпшілік орындарда қараусыз қалдырып жатады, ал бұл қаскөйлердің оңтайлы сәтті пайдалануына жол ашады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осындай жағдайлардың бірі Өскеменде болған. Жергілікті тұрғын бір ай бойы велосипедін үйдің ауласында қалдырып келген. Күндердің бір күнінде ол жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ұрланған велосипед табылып, иесіне қайтарылды.

Полиция велосипедтерді қысқа уақытқа да қараусыз қалдырмауға, сенімді ұрлыққа қарсы құрылғыларды пайдалануға және мүмкіндігінше оларды жабық үй-жайда сақтауға кеңес береді.

Велосипедтерді кіреберістерде, тамбурларда және эвакуациялау жолдарында сақтауға болмайды. Өрт шыққан жағдайда олар тұрғындардың қауіпсіз шығуына және шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру