Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әлеуметтік желідегі видео: Ақтөбеде жол ережесін бұзған жүргізушілер жазаланды

Ақтөбеде жол қозғалысы ережелерін бұзып, қауіпті маневрлер жасаған бірнеше жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желіде тараған. Кадрларда Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы бойында Lada, Toyota және Hyundai көліктерінің жүргізушілері жол қозғалысы қағидаларын бұзып, қауіпті маневрлер жасағаны көрінеді.

Полиция әлеуметтік желідегі жарияланымға мониторинг жүргізіп, бейнежазбаны зерделеген. Осыдан кейін құқық бұзушылықтарға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, көлік жүргізушілерінің жеке басы анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша жүргізушілерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция әлеуметтік желіде жарияланған құқық бұзушылықтардың да назардан тыс қалмайтынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру