Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция бейнебақылау камералары арқылы құқық бұзушылардың жолын кесті

Ақтөбеде полиция бейнебақылау камералары арқылы құқық бұзушылардың жолын кесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде полиция қоғамдық орындар мен ортақ аумақтардың тазалығы бейнебақылау камералары арқылы тұрақты бақылауда. Қоқыс тастау, аумақты ластау немесе абаттандыру талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, құқық бұзушы полиция назарынан тыс қалмайды.

Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластауға байланысты 1171 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның 47-сі кәсіпкерлерге қатысты, қалғаны жеке тұлғаларға тиесілі.

Талапты бірнеше рет бұзғандарға да жауапкершілік қарастырылған. Биыл 35 адам 40 сағатқа, тағы 8 адам 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

Бейнебақылау камералары қоғамдық тәртіпті бақылаумен қатар, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, нақты шара қабылдауға мүмкіндік береді.

Қала тазалығы қоқыс тастамаумен ғана шектелмейді. Аула, ғимарат маңы және ортақ пайдаланылатын аумақтарды тиісті деңгейде күтіп ұстау да – абаттандыру талаптарының бірі.

Жыл басынан бері абаттандыру талаптарын бұзғандарға қатысты 6215 әкімшілік хаттама толтырылып, 6 мыңнан астам адамға ескерту жасалды.

Бұл – жай ғана статистика емес, қаладағы тәртіптіқамтамасыз ету бағытындағы нақты жұмыстыңнәтижесі. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталған әрбір құқық бұзушылық назарға алынып, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Қала тазалығы – баршаға ортақ жауапкершілік. Қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастау, қоғамдық аумақтарды ластамау және ортақ кеңістікке ұқыпты қарау – әр азаматтың міндеті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру