Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды өртеген тұрғын анықталды

Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды өртеген тұрғын анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекендердегі тазалық пен тәртіпті сақтау, абаттандыру талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бағытында рейдтік және профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.

Кезекті рейд барысында Созақ ауданының полицейлері тұрғын үйінің алдына шұңқыр қазып, тұрмыстық қалдықтарды өртеп жатқан жергілікті тұрғынды анықтады.

Сонымен қатар аталған аумаққа шамамен 3 тонна тас төгілгені белгілі болды.

Аталған құқық бұзушылық бойынша полиция қызметкерлері тиісті тексеру жүргізіп, заңнамаға сәйкес азаматқа әкімшілік шара қолданды.

Рейд барысында тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастауға және жағуға жол берілмейтінін, сондай-ақ абаттандыру талаптарын сақтау қажеттігін түсіндірді.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарап, белгіленген талаптарды сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру