Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолдағы тәртіпті әуеден бақылау

Семей қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заманауи технологияларды тиімді пайдаланып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында полиция қызметкерлерінің жұмысында цифрлық және техникалық мүмкіндіктердің маңызы артып отыр. Соның бір айқын мысалы – патрульдік полиция қызметінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын, яғни дрондарды қолдану.

Дрондардың көмегімен жол қозғалысын жоғарыдан бақылауға, көлік құралдарының қозғалысын жедел саралауға және жол ережесін бұзу фактілерін дер кезінде жолын кесуге мүмкіндік бар. Атап айтқанда, қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған жүргізушілерді анықтау бағытында бұл технологияның тиімділігі байқалуда.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі – тек бақылау мен жауапкершілік мәселесі емес, ең алдымен, адам өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды міндет. Осы ретте заманауи технологияларды пайдалану полиция қызметкерлеріне құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қауіпті жағдайларды ерте анықтауға және жолдағы тәртіпті қамтамасыз етуге қосымша мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру