Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полиция 6 жасар балаға көмекке ұмтылған оқушыны марапаттады

Ақтөбе облысында полиция 6 жасар балаға көмекке ұмтылған оқушыны марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға балалар ойнайтын аумақта болған. Алты жасар бала ағаш тақтайлармен жабылған кәріз құдығына абайсызда құлап кеткен. Сол сәтте жақын жерде ойнап жүрген №5 Хромтау гимназиясының 2-сынып оқушысы Қайнар көмекке ұмтылған.

Қайнардың әрекеті полиция қызметкерлерінің назарын аударды. Полиция қызметкерлері оның батылдығын атап өтіп, мектепке арнайы барып, жас оқушыға құрмет көрсетті.

Полиция қызметкерлері мұндай жағдайларда балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Қоғам мүшелерінің өзара көмек көрсетуі мен жауапкершілік танытуы — қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызды бөлігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру