Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полиция рейдтік іс-шаралар жүргізді

Ақтөбе облысында полиция рейдтік іс-шаралар жүргізді, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ақтөбе қаласында патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында жоғары деңгейде шу шығаратын газ шығару жүйесімен жабдықталған скутерлер мен автокөліктерді анықтауда.

24 қыркүйекте қала көшелерінің бірінде кәмелетке толмаған скутер жүргізушісі полицияның көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған. Жасөспірім мен оның ата-анасына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды.

Бұдан бөлек, түнгі уақытта Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі қоғамдық тыныштықты бұзғаны үшін сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Осыған ұқсас факті бойынша BMW жүргізушісіне қатысты материалдар сотқа жолданып, көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция азаматтарды көлік құралдарын белгіленген талаптарға сай пайдаланып, қоғамдық тыныштық пен жол қауіпсіздігін сақтауға шақырады.

Жолдағы қауіпсіздік – ережені сақтаудан басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру