Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында пробация есебіндегі азаматтарды жұмысқа орналастыру шаралары жүргізілуде

Жетісу облысында пробация есебіндегі азаматтарды жұмысқа орналастыру шаралары жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыстық жұмыспен қамту басқармасымен және жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Негізгі мақсат — азаматтардың тұрақты табыс көзіне қол жеткізуіне және қоғамға бейімделуіне жағдай жасау. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтардың қайталануының алдын алуда маңызды рөл атқарады.

2026 жылы Жетісу облысында жұмысқа орналастыру бойынша арнайы квоталар қарастырылған: профилактикалық есепте тұрған азаматтарға — 23, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға — 76 жұмыс орны.

Бүгінгі таңда аталған жұмыс аясында 85 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Мамандық пен тұрақты табыс адамның қалыпты өмірге оралуына, отбасын қамтамасыз етуіне және болашаққа жоспар құруына мүмкіндік береді.

Полиция жұмыспен қамту органдарымен және кәсіпкерлермен бірлесіп, азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру