Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таза Қазақстан: Атырау облысында қоқыс төккен мердігер мекеме жауапкершілікке тартылды

Құлсарыда қоқыс төккен мердігер мекеме жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Жылыой ауданында қоршаған ортаны қорғау және елді мекендердің тазалығын сақтау бағытындағы бақылау жұмыстары жалғасуда.

28 қыркүйек күні сағат 15:30 шамасында Құлсары қаласындағы Солтүстік Аэропорт ықшам ауданының шығыс бөлігінде орналасқан карьерге "Жылыой тазалық" мекемесіне тиесілі үш Shacman жүк көлігімен белгіленбеген орынға қоқыс төгу дерегі анықталды.

Аталған факті бойынша мекеме Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабында көзделген ортақ пайдаланылатын орындарды ластау дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар аумақты толық тазалап, ретке келтіру жөнінде нұсқама берілді.

Мердігер мекеме нұсқаманы орындап, төгілген қоқысты дереу шығарып, аумақты толық тазартты.

Полиция қоршаған ортаны ластауға және қоқысты белгіленбеген орындарға төгуге жол берілмейтінін ескертеді.

Тазалықты сақтау – ортақ міндет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру