Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД-да жеке құрамға арналған кітапхана ашылды

Жамбыл облысында полиция қызметкерлерінің кітапханасы ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Оқитын ұлт" тұжырымдамасы аясында Жамбыл облысы полиция департаментінде жеке құрамға арналған кітапхана ашылды.

Салтанатты шараға департамент басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері және Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өкілдері қатысты.

Кітапхананың ашылу рәсімінде ҚР ІІО және ҰҰ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсымбеков құттықтау сөзін сөйлеп, кітап оқудың қызметкерлердің білімін жетілдіру мен рухани дамуына қосатын үлесін атап өтті.

Сондай-ақ жаңа кітапхананың лентасы қиылып, кітап қоры мен оқу залы таныстырылды.

Бұдан бөлек, полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев мен Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Іс-шара барысында ардагер кітапхана қорына Василий Янның "Шыңғыс" және ПД бастығы Мұхтар Мағауиннің "Аласапыран" кітаптарын тарту етті.

Жаңа кітапхана қызметкерлердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, кәсіби білімін жетілдіруге және рухани-мәдени дамуына өз үлесін қосатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру