Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО ПД-да полиция саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

1 қазан – Қарттар күніне орай Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев және оның орынбасары Сағын Қадыржан Ардагерлер кеңесіне арнайы барып, сала ардагерлерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында полиция басшылығы Ақжайық өңірінде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге зор үлес қосқан аға буын өкілдеріне ерекше құрмет көрсетіп, мерекелік лебіздерін білдірді.

– Қарттарын қадірлеген ел ардақты" дейді халқымыз. Сіздер ұзақ жыл бойы ішкі істер органдарының дамуына өз үлестеріңізді қосқан құрметті ардагерсіздер. Полиция саласындағы кәсіби еңбек жолдарыңыз – кейінгі буын үшін үлкен өнеге, – деп атап өтті ПД бастығы.

Ардагерлер кеңесінің өкілдері көрсетілген ерекше құрмет пен ыстық ықылас үшін департамент басшылығына шынайы ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру