Астанада жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда
Астанада жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заманауи цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жалғасуда.
Қала жолдарында "Сергек" жүйесімен қатар, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік беретін интеллектуалды аппараттық-бағдарламалық кешендер қолданылуда.
Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "ақылды" жаяу жүргіншілер өткелдеріне ерекше назар аударылуда. Аталған технологиялар жолдағы жағдайды бақылауға, жүргізушілердің назарын дер кезінде аударуға және жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Цифрлық технологияларды қолданудың басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру және барлық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырады.
