Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД бастығы ІІО ардагерлерін мерекемен құттықтады

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Ақтөбе облысы ПД бастығы Қайыркен Әлиев ішкі істер органдарының ардагерлерін арнайы барып құттықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметіне саналы ғұмырын арнаған ардагерлер – Малик Кулмухамбетов, Гүлзада Аманова және Алдияр Тасболатов талай жыл бойы ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында абыроймен қызмет атқарып, кейінгі буынға мол тәжірибесі мен тағылымын қалдырған жандар.

Қайыркен Әлиев ардагерлерге арнайы барып, мерекемен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына амандық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Сонымен қатар олардың ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтіп, еңбектерінің әрдайым құрметке лайық екенін жеткізді.

Ардагерлер өз кезегінде полиция басшылығына жылы лебізі мен құрметі үшін алғыстарын білдіріп, қызметтегі әріптестеріне сәттілік, ал жас полицейлерге елге адал қызмет етуді тіледі.
Бүгінде ардагерлердің өмір жолы – кейінгі ұрпақ үшін өнеге, ал олардың еңбегі – полиция тарихының ажырамас бөлігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру