Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміржолдағы қауіп: көлік полицейлері мал иелеріне маңызды ескерту жасады

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1 166 фактісі тіркелді. Оның 881-і үй жануарларының теміржолға шығуына байланысты болған, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті оқиға бүгін таңертең Жамбыл облысы Жұма – Тамды аралығында болды. Жүк пойызы теміржолға шығып кеткен 70 бас қойды қағып кеткен.

Аталған факті бойынша мал иесі, Тараз қаласының 66 жастағы тұрғыны анықталып, оған қатысты теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін заң аясында шара қолданылды.

Көлік полицейлері мал иелерін теміржолға жақын аумақта жануарларды бақылаусыз жаюға жол бермеуге және белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Естеріңізде болсын: жануарлардың қауіпсіздігіне жауапкершілік, ең алдымен, олардың иелеріне жүктеледі. Малдың теміржолға бақылаусыз шығуы пойыз қозғалысына қауіп төндіріп, төтенше жағдайға, материалдық шығынға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру