Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда тұрғын полиция қызметкеріне алғысын білдірді

Павлодар облысы полиция департаментінің ресми Instagram парақшасына азаматтан ведомство басшылығына және патрульдік полиция қызметкері Айдос Байқадамовтың атына алғыс білдірген хат келіп түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғын Наталия Анисимова полиция қызметкеріне кәсібилігі, жеделдігі және азаматтарға мұқият қарым-қатынасы үшін ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, ата-анасы Ақсу қаласына жақын маңдағы тасжолда жол-көлік оқиғасына тап болған.

Оқиға орнына №1650 патрульдік экипажы келген. Наталияның сөзінше, Айдос Байқадамов жағдайды жедел бағалап, әрі қарай не істеу керектігін түсіндірген. Сондай-ақ ЖКО болған учаскеде көлік қозғалысын сауатты ұйымдастырып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

– Күйзеліс жағдайында өз жұмысын сенімді әрі кәсіби атқаратын адамды кездестіру өте маңызды, – деп атап өтті өтініш авторы.

Полиция қызметкері үшін мұндай алғыс – оның еңбегіне берілген ең құнды бағалардың бірі. Азаматтардың оң пікірі қызметтік міндеттерді атқару кезінде кәсібилік, сабырлылық және адамға деген ізгі қарым-қатынастың маңыздылығын көрсетеді.

Павлодар облысының полиция департаменті азаматтарға кері байланыс білдіріп, қызметкерлердің жұмысына жоғары баға бергені үшін алғыс білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру