Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция студенттерге дәріс өткізді

Жетісу университетінде заң факультетінің студенттеріне қазіргі заманғы заң саласының өзекті бағыттарының бірі — киберқылмыстарды тергеуге арналған тәжірибелік дәріс өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Болашақ заңгерлер алдында киберполицияның тергеушісі сөз сөйлеп, мамандықтың ерекшеліктері, цифрлық дәлелдемелермен жұмыс істеу тәртібі және интернет-алаяқтықтарды тергеудің негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Кездесу барысында нақты тәжірибелік жағдайларға ерекше назар аударылды. Тергеуші күрделі алаяқтық схемаларды ашу бойынша тәжірибесімен бөлісіп, қылмыскерлердің заманауи технологиялар мен психологиялық тәсілдерді пайдалана отырып, азаматтардың қаражатын иемдену жолдарын түсіндірді.

Студенттер дәрісті мұқият тыңдап, сұрақтар қойды. Олар тергеуші жұмысының кәсіби қырларына, сондай-ақ алған білімдерін болашақ заңгерлік тәжірибеде қолдану мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.

Мұндай кездесулер студенттерге мамандықтың қыр-сырын ішінен танып қана қоймай, құқық қорғау органдарының бүгінгі таңда қандай сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын түсінуге мүмкіндік береді. Болашақ заңгерлер үшін бұл — білімді тек оқулықтан емес, нақты қылмыстарды күнделікті тергеп жүрген тәжірибелі мамандардан алудың тиімді жолы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру