Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да дрифт жасаған жүргізуші әйел жауапқа тартылды

ШҚО-да дрифт жасаған жүргізуші әйел жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскеменде полиция қызметкерлері автотұрақ аумағында қауіпті маневр жасаған жүргізушіні анықтады. Toyota Chaser автокөлігін басқарған әйел дрифт жасап, айналасындағыларға қауіп төндірген. Сонымен қатар автотұрақтың жол жабынына зақым келтірген.

Полиция қызметкерлері дереу шара қабылдады. Құқық бұзушы анықталып, оның әрекеті Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен, яғни ұсақ бұзақылық ретінде сараланып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция жүргізушілерді қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті сақтауға және айналадағыларға қауіп төндіретін қауіпті маневрлерге жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру