Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер есірткілік мас күйде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

Талдықорғанда полицейлер есірткілік мас күйде көлік басқарған жүргізушіні ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласында патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйде басқарудың кезекті дерегін анықтады.

Күндізгі уақытта полицейлер Subaru Legacy автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде Ескелді ауданының 46 жастағы тұрғыны болған. Тексеру барысында медицина қызметкерлерімен бірлесіп жүргізушінің психостимуляторларды қолдану салдарынан есірткілік мас күйде болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Мұндай деректер мас күйде көлік басқарудың қаншалықты қауіпті екенін тағы бір мәрте көрсетеді. Мұндай жағдайда адамның зейіні төмендеп, әрекет ету жылдамдығы бәсеңдейді және жолдағы жағдайды дұрыс бағалау қабілеті нашарлайды.

Полиция жүргізушілерді өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуге шақырады. Алкоголь немесе есірткі заттарын қолданған болсаңыз — көлік тізгініне отырмаңыз. Жолдағы жауапкершілік әркімнің жеке таңдауынан басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру