Маңғыстауда полицейлер әскери қызметшілерге есірткіге қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Маңғыстауда әскери қызметшілермен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша профилактикалық кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы "Отбасын қолдау орталығы" КММ маманымен және Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының өкілдерімен бірлесіп, 30153 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен профилактикалық семинар-кездесу өткізді.
Кездесу барысында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, есірткінің заңсыз айналымына жол бермеу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар есірткі заттарын заңсыз сақтау, қолдану және таратудың құқықтық салдары түсіндіріліп, әскери қызметшілердің сұрақтарына жауаптар берілді.
Кездесу соңында әскери қызметшілерге есірткіге қарсы күресте заң талаптарын сақтау мен жеке жауапкершіліктің маңызы атап өтілді. Мұндай профилактикалық іс-шаралар есірткі қылмыстарының алдын алып, әскери ортада салауатты әрі қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
