Абай облысында "Қауіпсіз үй" іс-шарасы аясында 1,5 мыңнан астам нысан тексерілді
5 қазан мен 5 қараша аралығында Абай облысының аумағында "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғын үйлердегі қоғамдық тәртіпті сақтау.
Осыған орай полиция қызметкерлері тұрғындардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үй нысандарының қауіпсіздік жағдайына назар аударып жатыр. Сонымен қатар құқық бұзушылықтарға ықпал етуі мүмкін факторларды анықтау, ықтимал қауіптердің алдын алу және азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тиісті профилактикалық шаралар қабылдануда.
Бүгінгі таңда ішкі істер органдарында есепте тұрған 1 968 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сондай-ақ азаматтық қару иелерінің белгіленген талаптарды сақтауын бақылау мақсатында 446 қару иесіне тексеру жүргізілді.
Тұрғын үй секторындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жалпы 1 516 нысан тексерілді. Оның ішінде көпқабатты үйлердегі 267 пәтер, 490 жеке тұрғын үй, 21 жалдамалы баспана және 323 саяжай үйі қамтылды. Сонымен қатар қараусыз қалған нысандар мен шалғай аумақтардағы 173 орын тексерілді.
Аталған іс-шара тұрғындардың қауіпсіздігін нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтауға бағытталған.
Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік. Сондықтан әрбір тұрғынның қырағылығы мен құқықтық тәртіпті сақтауы қауіпсіз ортаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
