Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде полицейлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонға қатысты

Семейде "Ertis Region" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында "Адалдық марафоны, әділетті қоғам – менің таңдауым" тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ізгілік пен әділдікті дәріптеген ауқымды шараға 70-ке жуық мемлекеттік қызметші қатысып, адалдық қағидаттарын ұстану мен салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.

Абай облысы полиция департаментінің атынан "ARLAN" спорт клубын насихаттау, командалық рухты нығайту және полиция қызметкерлері арасында спорт мәдениетін дамыту мақсатында 30 қызметкер марафонға қатысты. Қатысушылар бес шақырымдық қашықтықты толықтай командалық рухпен жүгіріп өтіп, бірлік пен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Бұл марафон – тек спорттық сайыс қана емес, сонымен қатар адалдықты, әділеттілікті және қоғам алдындағы жауапкершілікті дәріптейтін маңызды бастама. Өйткені әділетті қоғам құру әр азаматтың жеке таңдауынан, ал адалдыққа негізделген қызмет ортақ құндылықтарды берік ұстанудан басталады.

Шара қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы дипломдармен және жүлделермен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру