Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қоғамдық тәртіпті бұзған екі ер адам жауапқа тартылды

ШҚО-да қоғамдық тәртіпті бұзған екі ер адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Таза Қазақстан" акциясы аясында бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бұзудың екі дерегі анықталды. Полицейлер құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, оларға қатысты заңда көзделген шараларды қабылдады.

Алғашқы дерек 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында тіркелді. 67 жастағы жергілікті тұрғын алкогольдік масаң күйде балалар алаңында кіші дәрет сындырған.

Сот оны екі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салды.

Екінші дерек Аязбаев көшесінде тіркелді. Полицейлер қоғамдық орында осындай әрекетке барған 37 жастағы ер адамды анықтады. Материал тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Балалар алаңы балалардың ойнауы мен демалуына арналған. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, мінез-құлық нормаларын сақтау — әр азаматтың міндеті.

Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңда жауапкершілік көзделген. "Заң мен тәртіп" қағидаты баршаға ортақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру