Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да мас күйде көлік басқарған екі шетелдік ұсталды

БҚО-да мас күйде көлік басқарған екі шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Орал – РФ шекарасы автожолында патрульдеу кезінде Lada автокөлігінің жүргізушісін көлік құралын басқару мәнеріне күмән келтіріп тоқтатқан.

Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің шетел азаматы екені анықталды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері одан алкогольдің иісін сезген. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізушінің алкогольге мас күйінде болғаны анықталды.

Сол күні патрульдік полиция қызметкерлері тағы бір шетел азаматының алкогольге мас күйінде көлік басқару фактісін анықтады.

Екі автокөлік те арнайы тұраққа қойылды.

Сот шешімімен екі жүргізуші де 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Осы ретте полиция қызметкерлері жүргізушілерге көлік құралын масаң күйде басқаруға қатаң тыйым салынатынын ескертеді. Масаң күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін ұмытпайық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру