Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды

Жезқазғанда жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазғанда алкогольдік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші сот қаулысымен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

9 қазан күні сағат 01:01 шамасында Мира және Ғарышкерлер көшелерінің қиылысы маңында полиция қызметкерлері жарық шамдары жанбаған Mercedes-Benz автокөлік жүргізушісін тоқтатқан.

Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысы оның орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын растады.

Аталған дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотта қаралды. Сот жүргізушіге әкімшілік қамақ пен көлік басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Полиция алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін еске салады. Мұндай жағдайда рөлге отырмай, такси немесе қоғамдық көлік қызметін пайдаланған жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру