Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері студенттермен телемост өткізді

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекеме қызметкерлері Тараз политехникалық колледжінің студенттерімен телемост форматында кездесу ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өскелең ұрпақтың бойында заңға деген құрметті қалыптастыру.

Кездесу барысында ҚАЖ қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар студенттерге заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілікті сезіну және қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі әр азаматтың рөлі түсіндірілді.

Телемост барысында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға қайшы әрекеттердің салдарын түсіндіруге және құқықтық тәртіпті нығайтуға ерекше назар аударылды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық білімін жетілдіруге, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру