“ARLAN” командасы практикалық ату бойынша Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті
Қонаевта практикалық тапаншадан ату бойынша Қазақстан чемпионаты өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
8–11 қазан аралығында Қонаев қаласындағы Qaisar атыс полигонында IPSC қағидалары бойынша практикалық тапаншадан ату спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты (III деңгей) өтті. Жарысқа 25 команданың құрамындағы 131 спортшы, сондай-ақ Моңғолия мен басқа елдердің спортшылары қатысты.
Жарыс қорытындысы төмендегідей болды:
“CLASSIC” класындағы командалық есептің нәтижелері:
1-орын — “Astana shooting team IIM SK Arlan” командасы;
2-орын — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы;
3-орын — Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ЖҚАЖ командасы.
Жеке есепте жүлделі орындарға ие болған қызметкерлер:
1-орын — Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі арнайы күштер және жедел басқару департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ерлан Базарбаев.

Ол сондай-ақ IPSC Президентінің медалімен (President’s Medal) марапатталды. Бұл — Халықаралық практикалық ату конфедерациясының (IPSC) ресми наградасы. Медаль ресми жарыстарда жекелеген қару кластары мен санаттары бойынша жеңімпаздарға беріледі. Аталған марапат спортшының жоғары шеберлігін және халықаралық деңгейде танылған жарыстағы жеңісін айғақтайды.

2-орын — Астана қаласы полиция департаменті ЖҚАЖ аға инспекторы Дархан Жексембинов;
3-орын — Астана қаласы полиция департаменті ЖҚАЖ аға инспекторы, Медет Слямғазин.
