Астанада ҚАЖ қызметкерлеріне есірткіге қарсы профилактикалық жұмыс жүргізілді
Астанада полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологиялық қызмет орталығының кинологтарымен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №3 мекеменің жеке құрамымен профилактикалық кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында полицейлер есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу шараларын түсіндіріп, қызметтік міндеттерді атқару кезінде қырағылық танытудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына байланысты қауіптер мен құқықтық салдарлар туралы ақпарат берілді.

Мекеме аумағында тыйым салынған заттарды дер кезінде анықтау және олардың таралуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бірлескен жұмыс аясында полицейлер мен кинологтар есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында профилактикалық рейдтер мен іс-шаралар өткізеді.
Кездесу кезінде кинологтар қызметтік иттердің тыйым салынған заттарды анықтау мүмкіндіктерін көрсетті. Бұл мекеме қызметкерлерінің бақылау дағдыларын жетілдіруге және қырағылығын арттыруға бағытталды.
Елордада полицейлер қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Мұндай кездесулер құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ведомстволық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
