Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

ШҚО полициясы әлеуметтік желілердегі мониторинг барысында жол қозғалысы қағидаларының бұзылуын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жол қозғалысы қағидаларын бұзу дерегін анықтады.

Жарияланған бейнежазбаны зерделеу кезінде маневр жасау барысында бұрылу көрсеткішін қоспаған автокөлік жүргізушісі назарға ілікті. Сонымен қатар көліктің бұрылу көрсеткіштеріндегі зауыттық конструкцияда көзделген галоген шамдарының орнына қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін LED-жарықдиодты шамдар орнатылғаны белгілі болды.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде 21 жастағы жүргізуші анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі (маневр жасау қағидаларын бұзу) және 590-бабының 5-бөлігі (көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Аталған құқық бұзушылықтар үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрбір бап бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды белгіленген қағидаларды сақтауға шақырады. Көлік құралдарының конструкциясы мен жабдықтары да қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру