Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полиция абаттандыру қағидаларын бұзғандарға шара қолданды

Атырауда жыл басынан бері "Таза Қазақстан" бастамасы аясында абаттандыру қағидаларын бұзудың 5 110 дерегі анықталды. Бұдан бөлек, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 286 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде 94 тұлға бір жыл ішінде осыған ұқсас әрекетті қайталап жасаған. Барлық дерек бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Мәселен, 11 қазан күні сағат 16:21 шамасында Атырау қаласындағы Азаттық көшесінде 52 жастағы ер адам қоқыс қалдықтарын шығарып, абаттандыру қағидаларын бұзған.

Сонымен қатар 28 қыркүйек күні Құрманғазы ауданының Қыдыр ата көшесіндегі үйлердің артында орналасқан қоқыс контейнерлерінің уақытылы тазаланбағаны анықталды. Аумақты күтіп ұстауға жауапты мекемелердің бірі өз міндеттерін тиісінше орындамағандықтан, контейнерлер шамадан тыс толып, тұрмыстық қалдықтар айналаға шашылған.

Тексеру нәтижесінде аталған мекеменің абаттандыру қағидаларын бұзуды бір жыл ішінде қайталап жасағаны анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру