Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тазалық талаптарын бұзғандар жауапқа тартылды

Елордада қоршаған ортаны қорғауға, қала тазалығын сақтауға, абаттандыру қағидаларының орындалуын қамтамасыз етуге және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы аясындағы жұмыс жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру талаптарын бұзу фактілері бойынша 38 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілік тартылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында Астана – Қарағанды тасжолында жауапкершілігі шектеулі серіктестік тарапынан қаланы абаттандыру қағидаларын бұзу фактісі анықталды. Аталған дерек бойынша серіктестік басшысына қатысты заң аясында шара қолданылды.

Полиция тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір тұрғынның, ұйым мен кәсіпорынның ортақ міндеті екенін еске салады. Белгіленген талаптарды елемеу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Елордада абаттандыру қағидаларын бұзу деректерін анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру