Павлодар облысында “Қауіпсіз үй” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде
Павлодар облысында “Қауіпсіз үй” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.
“Қауіпсіз үй” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ертіс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Рейд барысында полицейлер қоғамдық тәртіптің жай-күйін тексеріп, тұрғындармен профилактикалық әңгімелер жүргізеді және тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын түсіндіреді.
— Рейд барысында отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алуға, зорлық-зомбылыққа жол бермеуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылады, — деп атап өтті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Әлия Абдрахманова.
Полиция тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, қырағы болуға және құқық бұзушылықтар туралы “102” нөміріне дереу хабарлауға шақырады..
