Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық берді

Алматы облысы полиция департаментінде тоғыз айындағы жұмыс қорытындысына арналған жедел кеңес өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиын барысында қызмет нәтижелері сараланып, өзекті мәселелер талқыланып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

Полиция департаментінің бастығы Мейрам Абикеев профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Сондай-ақ заңды қатаң сақтау, жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатын ұстану және “Заң мен тәртіп” қағидатын әрбір қызметкердің күнделікті қызметінде басшылыққа алуы маңызды екені атап өтілді.

Қылмыстың жекелеген түрлерінің төмендеуі профилактикалық шаралардың маңызын көрсетеді. Осы бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігіне баса назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша бөлімшелердің басшыларына нақты міндеттер жүктелді. Олардың орындалуы қоғамдық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру