Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде дрондардың маңыздылығы артып келеді

Қызылордада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде дрондардың мүмкіндігі артып келеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында ұшқышсыз ұшу аппараттары полиция қызметінің маңызды құралына айналып келеді. Заманауи технологиялар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында тиімді қолданылуда.

Бүгінде Қызылорда облысы полиция департаментінің қарамағында 12 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Олар жол қозғалысы мен қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға, жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар барысында ахуалды қадағалауға, сондай-ақ бейнебақылау камераларымен қамтылмаған аумақтарды бақылауға мүмкіндік береді.

Дрондарды пайдалану нақты нәтижелерін көрсетіп отыр. Жыл басынан бері олардың көмегімен жол жүрісі қағидаларын бұзудың 1000-ға жуық дерегі анықталды. Ал Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент автожолы бойында 171 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Бұл көрсеткіш заманауи технологиялардың полиция жұмысының тиімділігін арттырудағы рөлін айқын көрсетеді.

Жоғары сапалы камералармен және жылу түсіргіштермен (тепловизор) жабдықталған дрондар әуеден сапалы бейне түсіруге, сондай-ақ көру мүмкіндігі шектеулі жағдайларда нысандарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл полиция жасақтарының жұмысын толықтырып, жағдайды жедел бағалауға, ауқымды аумақтарды бақылауға және күштер мен құралдарды тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын полиция қызметінде қолдану құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға, жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайтуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал етеді. Заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіре түсуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру