Елордада жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер ұсталды
Елордада жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі уақытта полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған 25 жастағы жүргізушіні анықтады.
Оқиға сағат 02:20 шамасында болған. BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі Бейбітшілік көшесі жағынан Әуезов көшесі бағытына қарай қозғалу кезінде көлік құралымен дрифт жасап, жол қозғалысы ережелерін бұзған. Сонымен қатар жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндірген.
Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабының 1-бөлігі және 599-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар рәсімделді.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға, жолда қауіпті маневрлер жасамауға және бағдаршамның сигналдарына бағынуға шақырады.
Жолдағы жауапсыздық адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Әрбір жүргізуші өз әрекеті үшін жауапты екенін ұмытпауы тиіс.
