Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған павлодарлық мас күйде қайта рөлге отырған

Жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған павлодарлық мас күйде қайта рөлге отырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері ГАЗ-24 автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде алкогольдік масаңдық белгілері бар 68 жастағы жергілікті тұрғын болған.

Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны расталды.

Тексеру барысында ер адамның тамыз айында көлік құралын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айырылғаны анықталды. Алайда бұл шектеуге қарамастан, ол қайтадан рөлге отырған.

Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция алкогольдік масаң күйде көлік басқару жүргізушінің өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да үлкен қауіп төндіретінін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру