Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полицейлер шетелдік жолаушыларға қолдау көрсетті

Ақтөбе қаласында патрульдік полиция қызметкерлері Қырғыз Республикасының азаматтарына көмек көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ресейден еліне қайтып бара жатқан жолаушылар интернет байланысының болмауы мен телефондарының істен шығуына байланысты жол бағытын анықтай алмай, полиция қызметкерлеріне жүгінген.

Тәртіп сақшылары оларға қажетті бағытты түсіндіріп, қаладан шығуға көмектесті. Осылайша, жолаушылардың сапарын әрі қарай қауіпсіз жалғастыруына жағдай жасады.

Бұдан бөлек, полицейлер жол үстінде жүрген азаматтарға ыстық тамақ пен қажетті азық-түлік сатып алып берді. Ұзақ жолға шыққан жолаушылар үшін мұндай қамқорлықтың маңызы зор болды.

Қырғыз Республикасының азаматтары полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі мен ықыласы үшін алғыстарын білдірді.

Бұл оқиға полиция қызметінің қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен ғана шектелмейтінін көрсетеді. Қиындыққа тап болған адамға қол ұшын созу, қолдау білдіру және адамгершілік таныту – тәртіп сақшылары қызметінің маңызды қыры.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру