Жетісу облысында полиция жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізуде
Жетісу облысында полиция мен прокуратура өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция басқармасының қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірлесіп, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізуді жалғастыруда. Кездесулердің негізгі мақсаты – халықпен өзара байланысты нығайту және тұрғындарды толғандырған мәселелерді шешу.
Кездесу барысында азаматтардың пікірлері мен өтініштері тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланады. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Әсіресе қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өтініштеріне уақтылы ден қою мәселелеріне баса назар аударылады.
Мұндай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға, тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді анықтауға және оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Бұл бағыттағы жұмыстар “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында жалғасуда.
