Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда 4 млн теңгенің металл бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағандыда жергілікті компания аумағынан ірі көлемде металл бұйымдарын ұрлау дерегі анықталды. Келтірілген материалдық шығын шамамен 4 миллион теңгені құрады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

48 жастағы қала тұрғыны серіктестіктердің бірінде ауызша келісім бойынша қосалқы жұмысшы болып еңбек еткен. Аумақты тазалау кезінде ол қоймада сақталған металл ыдыстарды, профильді құбырлар мен металл табақтарды байқап, оларды ұрлап, сатуға шешім қабылдаған.

Күдікті өз жоспарын жүзеге асыру үшін компания аумағын қоршаудан бірнеше рет асып өтіп, металл бұйымдарды сыртқа алып шыққан. Соның салдарынан ұйымға шамамен 4 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрланған металл сынықтары өткізілген қабылдау пунктін анықтады. Сонымен қатар металл бұйымдарды тасымалдаған жүк көлігінің жүргізушісі де табылды. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті жүргізушіні алдап, тасымалданатын металдың өзіне тиесілі екеніне сендірген.

Қазіргі уақытта тергеу аяқталған. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолдауға дайындалуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру