Маңғыстауда ер адамнан бір келіге жуық қара уылдырық тәркіленді
Маңғыстауда ер адамнан бір келіге жуық қара уылдырық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында 39 жастағы ер адамды ұстады.
Тексеру кезінде оның рюкзагынан жалпы салмағы шамамен бір келіні құрайтын қара уылдырық салынған екі пластик ыдыс табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта қара уылдырықтың шығу тегі мен оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр. Тергеу жалғасып жатыр.
Полиция сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз айналымға енгізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
