"Қауіпсіз жол" ЖПІШ: үш облыста 700-ге жуық жол ережесін бұзу дерегінің жолы кесілді
17 қазан мен 1 қараша аралығында Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара, басқа облыстың қызметкерлерін жұмылдыра отырып жүргізіліп жатыр.
Үш тәулік ішінде 700-ге жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталды. Атап айтсақ, 8 жүргізуші көлікті масаң күйде басқарған. 12 адам көлік басқару құқығы болмаса да, рөлге отырған. 34 жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, тағы екі жүргізуші қарсы жолаққа шыққан.
Барлық дерек бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданды.
Мұндағы негізгі мақсат – айыппұл салу емес, жол апатының алдын алу және адам өмірін сақтау.
