Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада темекі тұқылын жерге тастаған азамат жауапқа тартылды

Қызылордада темекі тұқылын жерге тастаған азамат жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заманауи технологияларды белсенді түрде қолдануда.

Дрон көмегімен жүргізілген бақылау барысында көпқабатты тұрғын үйдің ауласында темекі шеккеннен кейін оның тұқылын белгіленбеген жерге тастаған азамат анықталды.

Құқық бұзушы Қызылорда қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған дерек бойынша азаматтың әрекетіне құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған айыппұл салынды.

Полиция тұрғындарды қоғамдық орындарда тазалық сақтауға, белгіленген талаптарды орындауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Қоғамдық тәртіп сақтау — әр азаматтың ортақ міндеті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру