Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жолда қауіпті маневр жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодар облысында әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Audi A4 көлігінің жүргізушісі Катаев көшесімен қозғалу кезінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, жол-көлік оқиғасының туындау қаупін тудырған бейнежазбаны анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған факті бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Жыл басынан бері маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 727 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Полиция жүргізушілерді жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтауға, кенеттен басып озу, жолақ ауыстыру және жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін басқа да қауіпті маневрлерден аулақ болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру