Жамбыл облысында Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті
Жамбыл облысы полиция департаментінде ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Мерекелік жиында жеке құрамға Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция Ержан Саденовтің құттықтау жеделхаты оқылды.
Сондай-ақ қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан бірқатар полиция қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды.
Іс-шара аясында жас қызметкерлер Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант қабылдады. Бұл – олардың полиция қатарындағы қызмет жолындағы маңызды кезең әрі халық алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Мерекелік шара патриоттық концерттік бағдарламамен жалғасып, өнерлі полиция қызметкерлері және жас сақшылар отансүйгіштік рухтағы әндерін орындады.
Республика күні – елдігімізді айшықтап, тәуелсіздігімізді ұлықтайтын, ұлттық рухымызды асқақтататын мереке!
