Ақтөбеде мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды
Ақтөбеде мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбеде “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жаңақоныс тұрғын алабында патрульдік полиция қызметкерлері ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің мінез-құлқы полицейлердің күдігін тудырған. Жүргізілген куәландыру нәтижесінде ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Тексеру барысында жүргізушінің 2019 жылы да мас күйде көлік басқарғаны үшін жауапқа тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Көлік құралын алкогольдік масаң күйде қайта басқарғаны үшін ер адамға 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
